Коронавирус • 09 Қыркүйек, 2021

Павлодарда туған сәби бір ай бойы ӨЖЖ реанимациясында жатыр

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда бір жасқа толмаған сәби бір айдан бері реанимацияда жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда туған сәби бір ай бойы ӨЖЖ реанимациясында жатыр

Жергілікті басылымның хабарлауынша, осыдан он күн бұрын дәрігерлер баланың өкпесі 36%-ға зақымданғанын хабарлаған. Бала коронавирустық инфекциядан туындаған стихиялық пневмомедиастинум асқынуына шалдыққан. Бұл дерт сирек кездесетіндер санатына жатқызылған.

Бүгінгі таңда оның реанимация бөлімінде жатқанына 28 күн болды, бірақ дәрігерлер нақты болжам бермейді.

«Жағдайы өте ауыр, тұрақсыз, мезгіл-мезгіл жақсарады. Бірақ содан кейін нашарлау пайда болады. Апта сайын республикалық мамандармен кеңестер өткіземіз, күн сайын облыстық деңгейде консилиумдар өткіземіз. Бала емді толық көлемде алады, бірақ қандай да бір болжам беру қиын», деп түсіндірді облыстық балалар ауруханасы инфекциялық стационар директорының орынбасары Зере Садақова.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында 170 бала мен жасөспірімде коронавирус расталды, 44 бала стационарлық емделуде.