Әлем • 09 Қыркүйек, 2021

Бристольде белгісіз біреу адамдарды кепілге алды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англияның Бристоль қаласындағы жанармай бекетінде қолында пышағы бар белгісіз біреу адамдарды кепілге алды, деп хабарлайды Egemen.kz Independent басылымына сілтеме жасап.

Бристольде белгісіз біреу адамдарды кепілге алды

Бүгін сағат 7:30-да Хенгров-Уэйдегі Esso жанармай бекетінде болған оқиға орнына қаруланған полиция күштері мен қылмыскермен тілдесуші маман жұмылдырылды. Полицияның хабарлауынша, үш сағаттан кейін белгісіз ер адам ұсталған.

Жанармай бекетінің қызметкерлері зардап шекпеген, олар қауіпсіз жерге жасырынған. Жеңіл жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілді.

«Бүгін таңертең біз Хенгров-Уэйдегі жанармай бекетіндегі оқиғаға байланысты ер адамды ұстадық. Тергеу жүріп жатыр», деп мәлімдеді Эйвон мен Сомерсет полициясы.