Еліміздегі мектептерде педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие. Олар балалардың мектепке тез үйреніп кетуіне көмектеседі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті.
Айта кетелік, аталған ведомствода ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс атқарылуда.
«Бұл мұғалімді алмастыру деген сөз емес. Педагог-ассистенттердің алдында педагогика мен психология тоғысында ерекше мақсат-міндеттер қойылған. Атап айтсақ, балаларды бағыттау, олардың оқу процесіне бейімделулеріне көмектесу. Әңгіме ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистент техникалық қолдау да көрсете алады. Мәселен, егер бала өз бетінше қозғала алмаса немесе егер балаға дефектологтің көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау қажет. Біз бұл жұмыста белсенділік танытып жүрген үкіметтік емес ұйымдарға ризашылығымызды білдіреміз», деді Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Бұдан басқа педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламалары білім алушылардың қажеттіліктеріне бейімделеді. Олар өткен материалды игеруге ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар баланың дағдыларын дамыту динамикасын бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлардың сақталуын қадағалайды.
Министрлік педагог-ассистенттерді басқа да білім беру ұйымдарына қосу, сондай-ақ олардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Түркістанда дәрілік шөп қазған 23 шетелдік ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:52
Бельгияда маймылшешек ауруына байланысты карантин енгізілді
Әлем • Бүгін, 10:48
Қырғызстан мен Өзбекстанда қар жауды
Әлем • Бүгін, 10:30
Алимент төлемеген әке көлігінен айырылды
Оқиға • Бүгін, 10:17
«Рухани қазына – 2022» фестивалі аяқталды
Қазақстан • Бүгін, 10:14
Қазақстандық спортшы халықаралық турнирде күміс жүлде алды
Руханият • Бүгін, 10:00
Алматы облысында жауын салдарынан көшелерді су басты
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Коронавирус жұқтырған 7 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:47
Арнайы комиссия Шымкенттегі жарылыстың шығынын есептеп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қаржы • Бүгін, 09:32
Еліміздің бірқатар облысында үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:18
Маймылшешек ауруы әлемнің 14 еліне тарады
Әлем • Бүгін, 09:06
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:34
Хоккей • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Басты мақсат – қоғам дертінен арылу
Экономика • Бүгін, 08:23
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімінің аяқталатындығы туралы
Қазақстан • Бүгін, 08:20
Пікір • Бүгін, 08:18
Пікір • Бүгін, 08:15
Пікір • Бүгін, 08:12
Шешілуі керек төрт түйткіл бар
Пікір • Бүгін, 08:10
Өңіраралық көшпелі кездесу өтті
Референдум-2022 • Бүгін, 08:05
Референдум-2022 • Бүгін, 08:02
Референдум ешкімнің өмірін айналып өтпейді
Референдум-2022 • Бүгін, 08:00
Жетісу жолдары қашан жақсарады?
Қоғам • Кеше
Маймылшешек ауруы тарала бастады
Әлем • Кеше
Өзен-көлдердегі бөгеттер жойылды
Әлем • Кеше
Жаһандық жылынудың салдары ауыр
Экология • Кеше
Қонаев қаласында өткен кездесулер
Аймақтар • Кеше
ТМД елдерін күш біріктіруге шақырды
Қазақстан • Кеше
Үкімет • Кеше
Спорт • Кеше
Жеңілдетілген автонесие: Алғашқы көлік берілді
Қоғам • Кеше
Жастар қалауы – жарқын келешек
Референдум-2022 • Кеше
Ұқсас жаңалықтар