Алматыдағы С.Мұқановтың музей-үйінің экспозициясына академик-жазушының бірнеше бас киімі қойылған. Солардың бірі – құндыз бөрік. Бөріктің жиегі құндыз терісімен көмкерілген. Төбесі қара түсті матамен, астары қара түсті жібек матамен қапталған. Сатып алынған. Екіншісі – жиегі бұлғын терісімен көмкерілген бөрік. Төбесі қара түсті матамен, астары қара түсті қаракөл елтірісімен қапталған. Бөріктің төбесі төрт қиық, әр қиықтың төбеде түйісетін ұштары үш бұрыш тәрізді болып келген. Қолдан тігілген.

Сәбең жазда басына қазақтың тақиясын, ал қыста қазақтың бөркін киіп жүрген. С.Мұқановтың тек қана жазушы емес, ғылыми еңбектер жазған ғалым екені де белгілі. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, киімдерін зерттеп, өзі «Қазақ қауымы» деп атаған еңбегін жазды. 1974 жылы жазушы қайтыс болғаннан кейін бұл еңбегі қысқартылып, аты өзгеріп, «Халық мұрасы (тарихтық және этнографиялық шолу)» болып жарық көрді. Тек қана 1995 жылы «Қазақ қауымы» деген атпен толық нұсқасы «Санат» баспасынан көпшілік оқырманға ұсынылды, 10 томдық Таңдамалы шығармаларына (9-том) енді (2020, «Қазығұрт», Құрастырған Ә.Қайырбеков).
Осы еңбегінде: «Қазақ халқының бас киімдері бөрік, тымақ, құлақшын, жалбағай, делбегей деп аталады. Іші елтіріден немесе аң терісінен жасалатын, матамен тысталатын бөрік – жаздың киімі. Түлкінің пұшпағынан жасалатын бөрікті арқада «тақия» дейді. Әйелдердің жеңіл, үкілі, сәнді тақия үлгісі қазаққа татардан келгенге ұқсайды. Семей облысындағы, әсіресе тобықты руындағы қазақтар бөрік орнына «жекей» аталатын елтірі тымақ киген. ...Қазақ «бағым ауады» деп бас киімді ешкімге сыйламайды» деген мәлімет береді.
Рашида ОТАРОВА,
С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің ғылыми қызметкері
Перуде автобус жардан құлап, 11 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 11:17
Шымкентте BeeTV 80 челленджер турнирі басталды
Теннис • Бүгін, 11:03
Елімізде 571 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қоғам • Бүгін, 10:58
Вакцина салдырғандар саны жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 10:42
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 8 медаль еншіледі
Білім • Бүгін, 10:33
Түркістан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:12
Елордада каратэден Азия чемпионатының үздіктері анықталды
Елорда • Бүгін, 10:02
Каспий жағалауынан 64 итбалықтың өлексесі табылды
Экология • Бүгін, 09:52
Ақтауда сарбаз әскерден қашып кетті
Аймақтар • Бүгін, 09:43
Павлодарда 1,5 жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 09:36
Елімізде жеңілдетілген автонесие беру басталды
Қоғам • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:17
Атақты актер Сағат Жылгелдиев өмірден озды
Өнер • Бүгін, 09:16
Бақанаста Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Бокс • Бүгін, 09:12
Халықаралық турнирлерде топ жарды
Теннис • Бүгін, 09:10
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:09
Спорт • Бүгін, 09:07
Қоғам • Бүгін, 09:05
Қоғам • Бүгін, 09:02
Биыл 550 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:01
Спорт • Бүгін, 09:00
Тегераннан жақсы жаңалық күтеміз
Спорт • Бүгін, 08:59
Шабуылшы азусыз, қорғаушы қауқарсыз болса...
Хоккей • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:57
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аймақтар • Бүгін, 08:54
Ағаштарға қауіпті бактерияны анықтайды
Ғылым • Бүгін, 08:52
Сүйекті алмастыратын материал жасалды
Ғылым • Бүгін, 08:50
Оңалту орталығының оңтайлы әдістері
Қоғам • Бүгін, 08:49
Білім • Бүгін, 08:47
Тоғыз жолдың торабында тозған вокзал
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Экономика • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:39
Халық пікірін айқындайтын ауқымды іс-шара
Аймақтар • Бүгін, 08:35
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Референдум-2022 • Бүгін, 08:28
Референдум-2022 • Бүгін, 08:25
Ұқсас жаңалықтар