16 және 17 қыркүйек күндері «Астана Операның» Үлкен залында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымында тоғызыншы театр маусымының алғашқы спектаклі – Адольф Аданның «Корсар» балеті ұсынылмақ. Өнер көрсетудің бірінші күні пират Бирбантоның партиясында сахна төріне дарынды жас әртіс Сұтанбек Ғұмар шығады.

– Бұл маусымға жарқын премьералар, гастрольдік өнер көрсетулер жоспарланған, сонымен қатар репертуарымыздағы көрермен көзайымына айналған сүбелі спектальдер міндетті түрде орындалады. Біз алғаш рет демалыстан кейін балет труппасының толық құрамымен жұртшылыққа есігімізді ашамыз, бұл үшін шытырман оқиғалы тақырыпқа құрылған, қабылдауға жеңіл «Корсар» балетін таңдап алдық. Барлық әртістер көрермендермен қауышатын күнді асқан ыждаһаттылықпен асыға күтуде. Осы маусым ауқымды да мазмұнды болады деген үміттеміз, – деп пікірімен бөлісті Алтынай Асылмұратова.
17 қыркүйек күні Бирбантоны өнерсүйер қауымға Олжас Маханбетәлиев ұсынады. Театрдың жетекші солистері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әнел Рүстемова мен Гаухар Усина (Медора), Олжас Тарланов, Арман Оразов (Конрад) және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Рахматоллаев (Құл Али) өздерінің жарқын партияларын ортаға салады.
Байронның аттас поэмасының желісімен жасалған классикалық балет репертуарының жауһары оның романтикалық жайма-шуақтығын, еркіндік сүйгіш рухын, күшті құштарлығын сақтайды. Теңіз қарақшылары – корсарлардың өмірінен алынған оқиғалар желісіне арналған туынды әртістерге барлық партияларда балет техникасымен де, драмалық дарынымен де жарқырай өнер көрсетуге мүмкіндік береді. 1856 жылы қаңтарда Парижде өткен премьераға көрермендер билеттерді 1,5 айдан астам уақыт бұрын сатып алуға тура келді. Қойылымның жетістігі өте зор болды, ал сахналық әсерлері театрлық қойылымдар тарихындағы ең үздік деп танылды. Әлемдік премьерадан бері «Корсар» балеті өзінің танымалдылығын жоғалтқан жоқ.
«Егемен-ақпарат»
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар