28 Қаңтар, 2014

Футбол: Қазақстан құрамасы (U-21) ширек финалға шықты

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

football-kaz.jpg-1

Осы күндері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Достастық кубогы жолындағы жарыста 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Латвия командасымен 0:0 есебімен тең ойнап, ширек финалға шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Енді Қазақстан «С» тобында үшінші орыннан төмен түспейді. Осы топта жарысқа біздің елден басқа Ресейдің Мәскеу мен Беларусь құрамалары да қатысуда. Бұл командалар бүгін өзара кездесіп, 2:2 есебімен тең тарқасты. Бұған дейін отандастарымыз Беларусьтен 1:4 есебімен жеңілсе, Мәскеу командасын 2:0 есебімен ұтқан болатын. Енді ширек финалда Қазақстан құрамасы Ресеймен кездеседі. 1/4 финалдық ойындар Украина-Литва, Латвия-Эстония, Санкт-Петербург-Беларусь командаларының арасында да өтеді. Турнирге барлығы 12 команда қатысуда. Соның ішінде Ресейден 21 жасқа дейінгі құрамасы, Санкт-Петербург пен Мәскеу командалары күш сынасуда. ТМД және Балтық жағалауы елдерінен аталған мемлекеттерден басқа Эстония, Тәжікстан, Қырғызстан, Молдова, Литва қатысты. Достастық кубогы жолындағы турнир 24 қаңтарда басталды. Турнир 2 ақпан күні аяқталады.

Достастық кубогы турнирі туралы толық мәліметпен мына жерден танысуға болады.http://www.com-cup.com/index.php/ru/

Дастан Кенжалин.

Дереккөз: http://www.com-cup.com