Тағайындау • 10 Қыркүйек, 2021

БҚО-да табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конкурстық комиссияның қорытындысына сәйкес Алдияр Халелов Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Алдияр Сансызбайұлы 1958 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданындағы Желаев аудандық арнайы ауыл шаруашылығы бірлестігінің аға инженер-гидротехнигі, кәсіподақ ұйымының төрағасы, М.Мәметова атындағы колхозы партия комитетінің хатшысы, Трекин ауылдық кеңесінің төрағасы, Трекин ауылдық округінің әкімі болып жұмыс жасады.

Сондай-ақ Зеленов ауданы әкімінің орынбасары, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарының әкімі болды. 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Тасқала ауданының әкімі қызметін атқарды.