28 Қаңтар, 2014

Еліміз мамандары суицидтің алдын алатын құрылғы ойлап тапты

332 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

28 01-AstanaСоңғы он жыл ішінде Қазақстанда өзіне қол жұмсайтын жастардың саны шамамен үш есе артқан. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Осы сырқаттың алдын алу үшін еліміз мамандары «Ақ сұңқар» атты әмбебап психикалық-диагностикалық аппарат ойлап тапты. Жалпы, суицидтің өсуі жөнінен Қазақстан Ресей мен Албаниядан кейін тұр. Оның орын алуына әртүрлі жағдай себеп болатын көрінеді. Мәселен, Астана қаласының тұрғыны Әйгерім Шынтемірова өз-өзіне қол жұмсауға екі рет әрекеттенген. «Мен көп ауыртпалық көрдім, көп қиындықтарға ұшырадым. Мектепте оқып жүрген кезде менің отбасылық жағдайымды оқушылар келемеждеген болатын. Оны мен ата-анама да айта алмадым. Осы қателігімді жастар қайталамаса екен», - дейді ол.

Жалпы, біз әлгінде атап өткен жаңа құрылғыға көптеген бағдарламалар енгізілген. Сол арқылы кейбір азаматтарда кездесетін ауытқушылықты анықтауға болады. Әзірге бұл аппарат Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында бар.

 Ummet.kz cайтында жазылғандай, суицид бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған агрессия, яғни жауыздық деп қарастырылады. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай ақ өз-өзіне қол жұмсауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін.

Әр сала мамандары суицид оқиғасы жиiлеуiнiң түрлi себептерiн алға тартады. Соның ішінде отбасылық тәрбиенiң кемшін тұсы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы негізгі факторға жатады.

Суицид дертінің емі  имани тәрбиеде. Осы тұрғыдан алып қарағанда жасөспірімдер отбасында, мектеп қабырғасында имани тәрбиеге мұқтаж.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы, ummet.kz.

Фото: «Астана» телеарнасы.

 


Соңғы жаңалықтар