Экономика • 10 Қыркүйек, 2021

«Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысы аяқталды

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысы толық аяқталды. Бұл туралы «Газпромның» хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысы аяқталды

«Газпром» АҚ таңертеңгілік жедел кеңесінде басқарма төрағасы Алексей Миллер бүгін таңертең Мәскеу уақытымен 8:45-те «Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысы толық аяқталғанын айтты»,  деп жазылған хабарламада.

Естеріңізде болса, Ресей 2012 жылы Германияға ті­ке­лей газ жеткізетін «Солтүстік ағын» жобасының құрылысын аяқ­­таған болатын. Осылайша, сол­­түс­тіктегі көршіміздің газы Бал­­тық теңізі арқылы тікелей Еуро­­­паны көгілдір отынмен қамта­­­ма­сыз етті.

Бұл жоба тиімділігін көрсет­кеннен кейін Германия, Ресей, Финляндия, Швеция және Дания келісімге келіп, «Солтүстік ағын – 2» жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Осылайша, 2016 жылы газ құбырын төсеу жұмыстары басталып кеткен-ді.

«Солтүстік ағынның» салқыны жайлы мақала сайтымызда бір жыл бұрын жарияланғанын айта кетейік.