Елорда • 10 Қыркүйек, 2021

Елорданың қоғамдық көлік жүйесі 100 жаңа электробуспен толығады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада тағы 100 электр автобусын іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың қоғамдық көлік жүйесі 100 жаңа электробуспен толығады

«Қаланы дамыту барысында қоғамдық көліктің жұмысы үшін сапалы жағдай жасауға басымдық береміз. Мысалы, қалада Bus Lane енгізу автобустардың жол жүру уақытын орта есеппен 15-20%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. Жаңа бағыттарды ашудан және жол инфрақұрылымын құрудан басқа, қоғамдық көлікті жаңарту және жаңғырту жұмыстарымен де айналысудамыз.

2020 жылдың басында баламалы энергия көздеріне көшу аясында қала маршруттарына 100 электр автобусын шығардық. Электр автобустардың экологиялылығындағы артықшылығы: атмосфераға зиянды шығарындылардың болмауы, оларды пайдалану кезіндегі үнемділік. Мысалы, дизельді автобустарға жұмсалатын шығын тәулігіне орта есеппен 25 мың теңгені құраса, электр энергиясына жұмсалатын шығын 4-5 есе аз. Жеке инвестициялар есебінен желіге тағы 100 электр автобусын іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен автопарк салынды. Кейіннен электр автобустарының санын көбейтетін боламыз. Жаңа автобустар интеллектуалды бақылау жүйесімен, пандустармен және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнайы орындармен жабдықталған. Жаңа электроавтобустар бізге автопаркті айтарлықтай жаңартуға, жаңа бағыттарды енгізуге, аялдамаларда автобустардың күту аралығын қысқартуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – электр автобустары атмосфераға зиянды заттардың шығарылуына байланысты қала экологиясына оң әсерін тигізеді», деп жазды елорда әкімі.