Экономика • 10 Қыркүйек, 2021

АХҚО ұсынған мүмкіндіктерге қырғыздар қызығып отыр

193 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұйымдары мен коммерциялық құрылымдары шетелден инвестиция тарту бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ұсынып отырған мүмкіндіктерге қызығушылық танытып отыр. Қырғыз кәсіпкерлері коронодағдарыстан шығудың бірден бір жолы ретінде АХҚО-ны атайды, деп жазады Egemen.kz.

АХҚО ұсынған мүмкіндіктерге қырғыздар қызығып отыр

2020 жылдың 2 шлдесінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АХҚО-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына орталықты өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптастыру қажеттігін тапсырып, АХҚО өңірдің барлық елдерін өзара байланыстыратын әмбебап алаңға айнала алатынын атаған еді.

Өз кезегінде Орталық Азия елдері АХҚО ұсынған мүмкіндіктерге жоғары қызығушылық танытуда. Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың 2021 жылдың наурыз айында жасаған мемлекеттік сапары барысында АХҚО-ға арнайы ат басын бұруы осының дәлелі. Нәтижесінде Қырғызстанның инвестициялық және қаржылық бастамаларын іске асыруда АХҚО алаңының артықшылықтарын пайдалану туралы келісімге қол жеткізілді.

Аталған келісімді іске асыру аясында АХҚО делегациясы 2021 жылдың 6-8 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасына барды. Үшкүндік сапар барысында әр деңгейдегі қырғызстандық мемлекеттік және жеке құрылымдар мен халықаралық ұйым өкілдерінің АХҚО мүмкіндіктеріне деген жоғары қызығушылықтары байқалды.

Сапар барысында Еуропа Қайта Құру және Даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Ресей-Қырғыз Қоры, Қырғыз Республикасындағы Америка сауда палатасы, Халықаралық іскерлік кеңес өкілдерімен Орталық Азиядағы капитал нарығы мен инвестициялық тартымдылықты дамыту туралы жоғары деңгейдегі мәселелер талқыланды.

Қырғызстанның мемлекеттік органдарымен және салалық қауымдастықтарымен зара жемісті ынтымақтастық құруға ерекше мән берілді. АХҚО делегациясы Қырғыз Республикасы Ұлттық Банк төрағасымен, Қырғыз қор нарығы директорлар кеңесінің төрағасы және президентімен, Қырғызстан Банктері Одағының төрағасымен, Электронды коммерция қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді. Нәтижесінде  Қырғызстанның қаржы және инвестиция секторы қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейту үшін Банктер Одағы алаңын пайдалану, «жасыл» және исламдық қаржыландыруды дамыту аясындағы әріптестік және Қырғызстанның екінші деңгейлі банктеріне ESG принциптерін енгізу туралы келісімге қол жеткізілді. «Оптима Банк» АХҚО-мен бірлесіп оқыту бағдарламалары мен кәсібишаралар дайындау мен өткізетін осы елдің алғашқы коммерциялық банкі болды.

«АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма Төрағасы Ернұр Рысмағамбетов пен Қырғыз Республикасы инвестиция министрі Алмамбет Шыкмаматовтыңшетелдік инвестиция тарту, құнды қағаздар нарығын дамыту, инновация мен венчурліинвестициялау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімге келуі сапардың негізгі қорытындысы болды. 

АХҚО әр деңгейдегі мемлекетаралық тең коммуникацияны дамытуға з үлесін қоса бермек. Короновирустық инфекцияға байланысты өңірлік және жаһандық тұрақсыздық кезінде мұндай байланыстың маңызы тіптен арта түсетіні анық. Ал қызғыз кәсіпкерлердің ерекше қызығушылық танытуы АХҚО-ның өңірлік деңгейдегі маңызын көрсетсе керек.