Футбол • 11 Қыркүйек, 2021

Футбол: «Қызылжар» «Қайсардан» басым түсті

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 20-турының алғашқы ойыны аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол: «Қызылжар» «Қайсардан» басым түсті

Петропавлда жергілікті «Қызылжар» Аталған турдың шымылдығын «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайсар» (Қызылорда) командалары ашты. Кездесу барысында петропавлдық клуб сапынан Әлібек Қасым мен Тимур Мульдинов соққан екі гол ойын тағдырын шешті.

Осылайша алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Енді аталған турда бүгін «Атырау» мен «Тұран» (Түркістан), «Ақжайық» (Орал) пен «Астана» (Нұр-Сұлтан) жасыл алаңға шығады.

Ал 12 қыркүйекте «Шахтер» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ақтөбе» мен «Тараз», «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады.

Аталған турды «Тобыл» (Қостанай) мен «Каспий» ((Ақтау) кездесуі түйіндейді.