Спорт • 12 Қыркүйек, 2021

Азия чемпионатының тұсаукесер кездесуінде ұтылдық

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Тиба қаласында волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Азия чемпионатының тұсаукесер кездесуінде ұтылдық

Сары құрлықтың кіл мықтылары жиналған бұл жарысты Қазақстан құрамасы сәтсіз бастады. Тұсаукесер кездесуінде олар Тайпейден 0:3 (20:25, 22:25, 19:25) есебімен ұтылды. Бүгін жерлестеріміз Оңтүстік Кореяның қыздарымен шеберлік байқасады. Одан кейін Сауд Арабиясының сұлуларымен шеберлік байқасамыз.

Естеріңізге сала кетейік, волейболдан Азия чемпионаты 1975 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Сол аралықта Қазақстан құрамасы екі рет қана жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, 1993 жылы Таиландта күміспен күптелсек, 2017 жылы Индонезияда дәл сол нәтижені қайталадық.