Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен КВИ-дің таралуына жол бермеу жөніндегі штабтың отырысына Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты. Онда Алматыдағы санитарлық-эпидемиялық ахуал және медициналық қызметтің сапасын арттыру шаралары қаралды, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров хабарлағандай, қалада коронавирусқа қарсы тұрудың моделі және ковидке қарсы іс-әрекет бойынша жүйелі жұмыс қалыптасты. Жедел жәрдем мен алғашқы медициналық-санитарлық бөлімнің жұмысы қайта форматталды, инфекциялық стационарлар дерт жұқтырғандардың ауырлық жағдайына қарай эшелондарға бөлінді. Телемедицина орталығының мамандары үйдегі пациенттерді бақылайды. Барлық ковидті госпитальдар медициналық газдар, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату және ағындарды залалсыздандыру жүйесімен жабдықталған. Медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 91%-ды құрады, ал Алматыдағы анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің жабдықталуы 100%-ды құрайды.
Қабылданған шаралар инфекцияның төрт толқынын жеңуге және КВИ бойынша санитарлық-эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте жоспарлы медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аналар өлім-жітімін азайту бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде шаралар қабылданды, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Медициналық қызмет көрсету сапасы мен халықтың қанағаттанушылығын, медициналық ұйымдарды корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру шаралары да жүргізілуде.
Медициналық кадрлардың жетіспеушілігін азайту үшін жол картасы бекітілді және биыл алғаш рет қала әкімінің гранттарына 120 резидентті қажет мамандықтар бойынша оқыту үшін қаржы бөлінді.
Кеңес барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова баяндама жасады.
Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжанов бірқатар проблемалық мәселені айтып, оларды шешу үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жұмысын күшейтуі қажет. СЭБД эпидемиялық зерттеулердің сапасын жақсарту қажеттілігі көрсетілді. МӘМС қалалық филиалына мегаполис тұрғындарын медициналық сақтандырумен қамту бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.
Е.Тоғжанов Алматы қаласының медициналық қауымдастығына КВИ-мен күресуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді, сонымен қатар медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, мониторинг топтарының жұмысын күшейту және халықты вакциналау бойынша бірқатар тапсырма берді.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар