Тәуелсіздік • 13 Қыркүйек, 2021

Тәуелсіздік игілігін сезінеді

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында жа­риялаған барлық бастамалар­дың бағыты айқын. Ең маңыз­ды­сы, «Әр азамат­тың тәуелсіздік игі­лі­гін сезіне алуы, оның басты көрі­нісі елдегі бейбіт өмір, қоғам­да­ғы тұ­рақтылық пен тыныш­тық, ха­лық­тың тұрмыс сапасының жақ­саруы, жастардың болашаққа нық се­німмен қарауы» деп атап көрсетті.

Тәуелсіздік игілігін сезінеді

Жолдауда пандемиядан кейінгі кезең­дегі дамудың ұлт­тық жоспарына, ұлт­тық жобаларды бекітуге, экономикаға тіке­лей инвестиция тарту секілді эко­­номикалық даму мен жаппай спортпен айналысуға, спорттық инфрақұрылымды жақ­­сарту­ға, ден­саулық сақтау жүйесі­нің сапасын арт­тыруға басымдық берілді.

Сондай-ақ сапалы білім беруге қатыс­­ты педагогикалық маман­дық­тарға түсе­тін тұлғалардың орта­ша көрсеткіші жоға­рылады. Мұға­лім­дерді қолдау сая­саты одан әрі жүзеге асырылып, оқу бағ­дар­ла­ма­ларының зама­науи болмысқа бейім­делуін қамтама­сыз ету керек. Ұлт­тық теле­­ком­му­­никациялық желінің жеткі­лік­­­сіз­­дігі де атап көрсетілді. Әлеу­мет­тік жағы­нан әлсіз отбасынан шыққан балаларды қол­дауды күшейту мен білімнің қол­жетімді және инклюзивті болу керектігі, «Цифрлы мұғалім» жобасын енгізіп, біліктілікті арттыру жүйесін жақсарту жайы айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жол­дауы отандық білім беру мен ғы­лымды дамытудың жаңа кезеңінің миссиясы мен стратегия­сын да айқындап берді. Мәселен, ғылымға бөлі­нетін гранттарды жүзеге асырудың мер­зімін үш жылдан бес жылға ұзарту ғы­лыми нәтижелер мен жетістіктердің сапасын арттыратыны сөзсіз.

Педагогикалық қызметкер­лердің кәсіби біліктілік­терін көтеру мерзімі нақтылан­ды және олар­дың мотивациясының жоғары болу қажеттілігіне мән беріліп, педа­го­ги­калық қызметкерлерді ынталандыру жолдары белгіленді.

Оқу бағдарламаларының қа­зір­гі болмыс шындығына бе­йім­­делуін қамтамасыз ету білім маз­­мұ­нының тәжірибеге бағ­дар­­­ла­нуына тікелей қатысты. Прези­­дент айт­қандай, білім беру тәжі­ри­­бесі мен маман даярлау үдері­сі­нің өзара кірігу тетіктерін жетілдіру керек.

Тегін техникалық-кәсіптік бі­лім беруге және қашықтан оқыту фор­матына қолжетімділікті қамта­масыз ету тетіктерін әзірлеудің де маңызы зор.

 

Мәрзия АСЫЛБЕКОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті