Атап айтқанда, Түркі академиясы басып шығарған Әлішер Науаидің «Хамса» жинағына әйгілі «Ескендір қорғаны» және «Ләйлі – Мәжнүн» дастандары енгізілген. Көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлы аударған аталған жырлар әдебиетші қауымның жоғары бағасын алған, көркемдік деңгейі жоғары нұсқалар саналады.
Сонымен қатар, Ә.Науаидың «Мухәкәмәтул-луғәтәйн» атты құнды еңбегі алғаш рет Түркі академиясының қолдауымен қазақ тіліне тәржімеленіп, транслитерациясы, факсимилесі қоса беріліп отыр.
Бұдан бөлек, академия Науаидың түбі бір түркі тілдеріне аударылған таңдаулы ғазалдарын арнайы жинақ ретінде басып шығарды.
Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Өзбекстан Республикасының Білім министрі Шерзод Шерматов, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Саййид, сонымен қатар Өзбекстан Үкіметінің лауазымды тұлғалары, қазақ және өзбек зиялы қауым өкілдері қатысады.
13 қыркүйек күні Ташкент қаласында Халықаралық Түркі академиясы түркі дүниесінің тұғырлы тұлғасы, өзбек халқының ұлы ойшыл ақыны Әлішер Науаидің 580 жылдық мерейтойы аясында Өзбекстан Жазушылар одағында бірқатар кітаптардың таныстырылымын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше