Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Ақтөбе қаласында өңірлерде индустриялық аймақтарды дамыту мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді.
Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Ақтөбе қаласында өңірлерде индустриялық аймақтарды дамыту мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді.
Кеңес жұмысына облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары, құрылыс басқармалары, облыстардың индустриялық-инновациялық дамыту өнеркәсіптерінің басқарма басшылары, облыстардың әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары басқармаларының төрағалары және басқалар қатысты.
Өңірлік даму министрі кеңес жұмысын аша келе бүгінгі таңда шынайы өндірісті мемлекеттік ынталандырудың перспективалық құралдарының бірі индустриялық аймақтарды (ИА) құру болып табылатынын атап өтті. «Жалпы, біздің елде индустриялық аймақтарды шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу қағидасы және өңірлерде жұмыс орындарын құруды арттыру бойынша құру қажет», деді Болат Жәмішев.
Болат Жәмішев кеңеске қатысушылардың ерекше назарын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 4 пакеті шеңберінде 2013 жылғы желтоқсанда индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі бойынша бірыңғай жүйелі саясат құру бөлігіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға аударды. Сонымен, қандай да бір индустриялық аймақ құру өңірдің өңірлік жалпы өнімінің, шағын және орта бизнестің қолданыстағы белсенді субъектілерінің, құрылған тұрақты және уақытша жұмыс орындары санының, өнеркәсіп саласының физикалық көлемінің индексі (ФКИ) және т.б. өсуіне ықпал ететін болады. Индустриялық аймақтар аумағында ұқсас немесе бірдей салалардағы кәсіпорындардан өнеркәсіптік кластерлер құралуы мүмкін.
Сонымен қатар, кеңес барысында индустриялық аймақтарды басқару ресімдері, іске асыруға арналған жобаларды және құрылатын кәсіпорындарды орналастыру шарттарын іріктеу, еліміздің аумағында Қазақстан-Түрік индустриялық аймақтарын құру жөніндегі мәселелер талқыланды.
«Егемен-ақпарат».