Әлем • 13 Қыркүйек, 2021

SpaceX орбитаға бірінші азаматтық экипаж шығарады

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық миллиардер Илон Масктың SpaceX компаниясы орбитаға бірінші азаматтық экипаж шығаруға дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

SpaceX орбитаға бірінші азаматтық экипаж шығарады

Төрт турист ғарышта шамамен үш күн болады. Экипажды ірі технологиялық компания басшысы 38 жастағы магнат Джаред Исаакман басқарады.

Кеме Канаверал мүйісінен ұшып, Атлант мұхитына қонады. Ол үшін  бірнеше рет қолдануға жарайтын Falcon 9 зымыраны таңдалған.

Осы тарихи рейспен Джаред Исаакман қайырымдылық шараларына назар аударғысы келеді. Ол елдегі балалар онкологиялық ауруларының орталығына 100 миллион доллар аударуға уәде берді.