Өнер • 13 Қыркүйек, 2021

Қастеев музейі бес мыңнан астам өнер туындысымен толықты

840 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қор коллекциялары 5 мыңнан астам өнер туындыларымен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қастеев музейі бес мыңнан астам өнер туындысымен толықты

ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Светлана Көбжанованың айтуынша, Тәуелсіздік дәуірі Қазақстанның мұражай қоғамдастығы мен мәдениеті үшін жаңа перспективалар ашты.

«30 жылдық жемісті жұмыстың қорытындысын шығара отырып, біз ғылыми қызметкерлер жұмысының барлық аспектілерінің сөзсіз жанданғанын айта аламыз. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы өзінің 85 жылдық қызметі барысында қызметкерлердің кәсіпқойлығын, жұмыс сапасы мен деңгейін арттыру, кадрлардың тұрақтамауына жол бермеу және оларды жастар тәжірибесін табыстау үшін сақтау міндетін іске асыруда. Ғылыми қызметкерлер өз бөлімдерінде қорларды каталогтау және сандық өңдеу, туындыларды атрибуттау бойынша үлкен жұмыс атқарады. Ғылыми-зерттеу жұмысы - мұражай қызметінің негізгі бағыттарының бірі, оның мақсаты коллекциядағы туындыларды зерттеу және талдау болып табылады. Айта кетсек, 1991 жылдан бастап мұражай коллекциясы 5003 сақтау бірлігіне толықты, бұл есеп секторы, сақтау бөлімі мен ғылыми қызметкерлердің бірлескен табысты жұмысының айғағы», деді С.Көбжанова.

катал

Шығармаларды ғылыми жүйелеу  сипаттама, танысу, каталогтың егжей-тегжейлі мәліметтері арқылы жүзеге асырылады.

«Қызметтің маңызды нәтижесі коллекция каталогтарын, экспозициялар мен көрмелер бойынша жолсілтемелерді шығару болып табылады. Каталогтар - бұл мұражайдың зияткерлік құндылығы. Біздің мұражайда коллекцияның барлық бөлімдерін басып шығаруға дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 1991 жылдан бастап «Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері» музей бөлімі «Қазақ халықтық қолданбалы өнері» (2010), «ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстанның зергерлік өнері» (2008) каталогтарын шығарды. «Қазақстанның бейнелеу өнері» бөлімі «Әбілхан Қастеев» каталогын (2005), «Қазақ халық эпосы» республикалық көрме-конкурсының каталогын шығарды. «Қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері» (2013), «Қазақстан мүсіні» (2010), «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» (2016), «Қазақстанның акварелі: кеше және бүгін» (2019) және тағы басқалар», деді спикер.

кес