Қаржы • 13 Қыркүйек, 2021

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5%-ға дейін көтерді

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5%-ға дейін көтерді

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,50%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,50% болады. 

2021 жылғы жоғары база есебінен шығуға байланысты 2022 жылы инфляция 4-6% нысаналы дәліздің жоғарғы шегіне қарай бәсеңдей бастайды. Сыртқы инфляциялық қордың жеңілдеуі және биылғы жылы әлемдік азық-түлік бағасының айтарлықтай өсуінен кейін олардың болжамды төмендеуі аясында инфляция бәсеңдеді. Бұл ретте 2022 жылы дезинфляциялық процестер көбінесе биылғы жылы Қазақстандағы дәнді-дақылдардан күтілетін жинап алу түсіміне, жаһандық жеткізу тізбегіндегі қалпына келуге және 2022-2023 жылдары ішкі экономиканы фискалдық ынталандыру деңгейіне тәуелді болады.

Ұлттық Банк инфляцияға қарсы шараларды іске асырудың тиімділігін және АҚШ ФРЖ мен ЕОБ тарапынан монетарлық ынталандырудың қысқару тәуекелдерін бағалай отырып, дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады. Бұл шаралар Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес 2022 жылы инфляцияны 4-6% нысаналы дәлізге төмендетуге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме жөніндегі кезекті жоспарлы шешімі 2021 жылғы 25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де жарияланады.