Қазақ-британ университетінің оқытушысы, ғылым докторы Гүлжаһан Нұрышева, Алматы мемлекеттік университетінің проректоры, философ-ғалым Ақтолқын Құлсариева және басқа ғалымдар осы мәселені ара-тұра зерттеп, ойларын ортаға салумен келеді. Олардың пайымдауларынша, Аристотель, Платон, әл-Фараби, берісі Абай мінсіз мемлекет қалыптастыру мен соны басқаратын халыққа жайлы, адал басшылар болса деп армандаған.
Демек, мінсіз мемлекет – адамзат арманы. Жоғарыда айтылған ойшылдардың ілімі баршамыз үшін, соның ішінде қазақ үшін де үлкен тағылым. Тарихтан белгілі, ірі тұлғалар мінсіз мемлекет құруды ізгілікті дамыту арқылы жүзеге асыруға болатындығын меңзеген. Мәселен, Платон асыл қасиеттерді бойға сіңіру қажеттігін, парасаты мол азаматтар одағы керек екендігін түсінген. Кейін осы ойды әл-Фараби жалғастырған. Ол мінсіз мемлекетті басқаратын адамды Ұстаз немесе Илхам деп атаған.
Мінсіз мемлекетті басқаратын адамның өзі алдымен сол орынға лайықты жан болғаны абзал. Ол әуелі аса әділетті болуы тиіс. Адамдар адалдықты, әділдікті арман етеді. «Әділет», «әділ» деген сөздер көп айтылады. Сондықтан да балаларына «Әділет» немесе «Әділ» есімдерін береді. Патшалардың қара қылды қақ жарған әділетті, турашыл болғанын қалайды. Осындай мемлекет басшысына лайық адамның бойынан бірнеше (12) қасиет табылуы тиіс. Алдымен, дене мүшесі сау, денсаулығы мықты, есте сақтау қабілеті күшті, мейлінше зерек, зерделі, заттың бір қасиетін көре отырып, бар қасиетін айта білетін, жұртты бірден баурап алатын шешен болуы керек.
Жалпы, түбінде жер бетінде әділдік орнайды, әділдік жеңеді.Әй бірақ әділдік ылғи кешігіп келетінін қайтерсің. Әділдік тек күнде ғана бар ма дерсің кейде. Өйткені, күннің шуағы мейлі ол құл болса да, күң болса да, әлемді билеген әмірші болса да бәріне бірдей төгіліп тұрады ғой.
Көп мәселені ақылды адамдар шешуі қажет. Неге мемлекет басшысын халық болып сайлайды? Өйткені, сол халықтан талабы артық адам басшы болуы тиіс. Ел билеген адам асып-тасып, көкірегін керіп кетпеуі тиіс. Әйгілі Аяз би секілді тәубесіне келіп отырғаны жөн. Әйтпесе, «Жеттім деген – жығылады, толдым деген – төгіледі».
Ежелгі түркі жазбаларындағы деректерге сүйенсек, Түрік қағанатына жатқызылатын ру-тайпалар қазіргі қазақ даласын мекендегені және Білге қаған мен Күлтегіннің осы ұлан-ғайыр жерді сыртқы жаудан қорғағаны белгілі. Көне жазбаларға қарағанда, биліктің басты міндеті жұртының қамын ойлау, халқын асырау, қорғау, күш-қайратын мемлекет мүддесіне жұмсау екендігі аңғарылады. Сонымен қатар, ерлікті, тәуелсіздікті, бостандықты жоғары құндылық ретінде таниды.
Ұлтқа қожалық жасауға болмайды. Оған тек қызмет ету керек. Ұлтқа қызмет жасай бiлген адам ғана оның қожасы бола алады, деген екен әйгілі Мұстафа Кемал Ататүрік.
Платон мен Аристотельдің көзқарастарына сүйене отырып, оны өз елінің ерекшеліктеріне сай бейімдеп пайдаланған, «қайырымды қала» деген атпен мінсіз мемлекет туралы ой қаузаған Әл-Фараби қала бастығының кемшілігін тікелей айтпай, жанамалап, өсиет, уағыз тұрпатындағы мақал-мәтелдер арқылы астарлы тәсілмен жеткізіп түзетуге болатынын айтқан. Мұны біз демократиялық үрдіске өзіндік үлесін қосатын, тәуелсіз баспасөз ісін дамытатын тұжырым жасау мақсатында, яғни, қазіргі БАҚ жүйесінде сөз бостандығының мәдениеті ретінде қабылдап, түсінуіміз керек.
Саясатты өнер ғана емес, білім мен даналық деп таныған Жүсіп Баласағұн мемлекет басқарушы тұлғаны халықтың бақылауында болуы керек деп білді. Оның көп ойлары мен пайымдауларының бүгінгі күні де өз мәнін жоймағанына көз жеткізуге болады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынасты жайсаң мінезбен сабақтастырған Махмұт Қашқаридың зорлық жүрген жерде әділдікке орын қалмайтынын айтқаны қазіргі демократияның талаптарымен толық үндеседі. «Ақылмен арыстан ұстауға да болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың», деп өсиет қалдырған ғұлама әміршіл-әкімшіл жүйеден бас тартып, демократиялық даму жолын таңдаған тәуелсіз ел үшін ғибрат боларлық ескірмес қағидалар ұсынды. Әкімнің барлық іс-әрекеті халықтың көз алдында болатындығын айтқан ғұламаның сөзі қазіргі жариялылықты, ашық қоғамды, БАҚ-тың бостандығын меңзегендей әсер қалдырады. Тіпті, «Әмір жат елден өзіне арнап сарай соқтырып қойса, бұл – жаман ырым. Бұл түбі басына қиын-қыстау күн туа қалса, қашып барып паналаймын дегенді білдіреді. Бұл халқының алдында жасаған сатқындығы», дегенінің өзінен-ақ елдегі кейбір лауазымды тұлғалардың Батыс банктерінде құпия есепшоттар ашып ақша салғандарын, шетелдерде зәулім ғимараттар тұрғызғандарын меңзегендей.
Адамдардың Жаратқан Ие алдындағы теңдігін айтқан ежелгі заман ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикмет» кітабында халық бұқарасына зәбір көрсеткен әмірлердің, бектердің, қазылардың әділетсіздігін сынаған, бұл дүниенің жалғандығын ескерткен.
Дулатидің ел бастаған әмірлерге қоятын талаптары да демократиялық қағидаларға толықтай сай келеді. Айталық, олар: әмірші өзін өзгелердің көзқарастарымен байқау, мұсылмандықты қадір тұту, сән-салтанат, қызық думанның соңына түспеу, қарапайым адам ретінде өмір салтын ұстану, халыққа қатыгездік көрсетпеу, өзіне қарсы жұрт наразылығын тудырмау, жұртын орынсыз қауіп-қатерге ұшыратпау, діндар адамдармен ақылдасу, дандайсу мен жемқорлыққа салынып, халықты өзінен үркітіп алмау, аса қатал әскербасылары мен уәзірлердің рахымсыз әрекеттеріне жол бермеу, күрделі істің түйінін тауып, көрегендікпен шешім қабылдау. Осылайша Дулати өз тұсында бір елдің ғана емес, жалпы адамзат құндылығына негізделетін әлемге ортақ өсиет қалдырды.
Ел басқарған тұлға ашуға бойын билеткізбейді, халық қамын жейді. Оның жемісті еңбегі ақыл-оймен, терең парасатпен үндеседі, ел көңілінен шығады. Сонымен қатар, елді ізгілігімен мойындатқан басшы күш-жігерін халқына арнайды, арды биік ұстайды, байлықтың соңына түспейді дейді. Дәл осындай адал басшы ғана елді өз соңынан ерте алмақ. Халық сеніміне ие болудың жолы әділдік, ізгілік, қайырымдылық болса, мұны да қазіргі демократиялық құндылықтан бөліп қарауға келмесі анық. Халқы қолдаған басшы текті, көпті көрген, жұрттың бос қолпаштауын керек етпейтін адам және ол туралыққа, әділдікке, шындыққа ғана жүгінетінін айтады ғұлама Дулати.
– Меніңше, Платон өзінің мінсіз мемлекет туралы диалогтарын жазғанда, Әл-Фараби құт дарыған қала тұрғындары туралы толғағанда, Мор утопияға берілгенде, Кампанелла күн қаласы туралы қиялдағанда, сол сияқты, Асан қайғы да Жерұйығын іздеп зар илегенде елінің жарқын болашағын көз алдына елестеткені күмәнсіз, – дейді жас ғалым Ақтолқын Тұрлыханқызы. – АҚШ Конституциясында архаика жеткілікті, ағылшындардың әлемдегі ең ірі колониялары болғанына қарамастан, өздерін «Мейірімді қартаң Англия» (Добрая старая Англия) деуі, француздардың «Әсем Франциясы», жапондардың «Күншығыс елі», Ресейдің «Киелі Русінен» (Святая Русь) бастап, қазіргі «Ұлы Ресейіне» (Великая Россия) дейін, қытайдың «Аспанасты империясы», «Айдаһары»… – барлығы да тұнып тұрған архаикалық бейнелер. Оларға қарап ешкім архаикалық рәміз-сөздер оларды артқа тартты демесі мәлім. Ендеше, неге бізге «Жерұйық Қазақстан» бейнелі атауын мәдени-саяси пікірталасқа салмасқа?!
Қазақ елі Тәуелсіздігін жариялағаннан бергі жаңаша ойлайтын, тың пікірлері қалыптасқан, жоғарыда аттары аталған ғалымдар кейінгі ұрпақ, жастар санасына өзіндік ойлар тастайды.
Қазақстанның ел болып жаңаруына, өзіндік даму жолын қалыптастыруына гуманистік дәстүр, рухани фактор, этносаралық қарым-қатынас мәдениеті ерекше ықпал етеді. 2015-2050 жылдар аралығында қазақ халқының өз мемлекетінің дамуына қосар үлесі еселемек, жауапкершілігі анағұрлым артпақ. Алдағы кезеңде Отанымызға «Қазақ мемлекеті» деген мәртебе берілетіні күмәнсіз. Кезінде, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекет атауын қалай атаймыз дегенде сол тұста Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, өзі Ресейде туып-өскен заңгер ғалым Николай Акуевтің айтқаны көңілге дөп қонған еді. Ол кісі Қазақ КСР-і деген бұрынғы атаудың екі әрпін – «К» әрпі мен «С» әрпін, яғни Кеңестік Социалистік белгілерін алып тастасақ, Қазақ Республикасы болады деп, ұтымды ұсыныс айтқан-тын. Сол тұста оған ешкім қарсылық білдіре де алмас еді. Амал нешік, сол ұсыныс өтпей қалды...
Енді алдымызды «Біз кімбіз, қайда барамыз және қандай мемлекет болғымыз келеді?» деген сұрақтар әлсін-әлсін кескестейді. Қазақ елі Еуразия кеңістігінде шығыс пен батыстың дәнекері ретінде қос өркениеттің үлгілерін үйлестіріп келді. Ендігі мақсат Қазақстанды ХХІ ғасырда шынайы тәуелсіз әрі өзіне сенімді мемлекет деңгейіне көтеру екені анық.
Мінсіз мемлекет орнатуда түрлі қоғамдық формацияның да алар орны ерекше. Соңғы жылдары капиталистік жүйе де тұйыққа тіреліп, әлемде жаппай дағдарыс орнауда. Күйзелу мен тоқырау әлемді жайлап, ел торыға бастаған. Болашаққа, капитализмге деген сенімсіздік те үдей түскен. Бәлкім, жаңа формация керек шығар бүкіл әлемге.
Міне, соңғы бірнеше жыл көлемінде дүние жүзінің білгір де білікті экономистері, әлемдік дәрежедегі саясаткерлері мен оқымыстылары жаһанды жалпағынан жайлаған экономикалық дағдарыстың шығу себебі мен одан құтылудың тиімді жолын іздеп, шарқ ұруда. Алайда, әлі күнге дейін аузы дуалы сарапшылар нақты бір ортақ мәмілеге келіп, дағдарыстың басты себебін де, оған қарсы тұрар тиімді амалды да тап басып айта алмай отыр. Ал құрлықтың бәрін құрсаулаған дағдарыс диагнозы дұрыс қойылмаған аурудай барған сайын асқынып барады. Сонымен, «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?».
Коммунизм утопияға айналып, капитализм жалпақ жаһандағы жеңісін паш етті. Капитализм идеологтары батыс әлемі кедейліктен құтылды, адам үшін қажеттіктің бәрі жасалды, еркін рынок жүйесі салтанат құрды деп даурықты. Жиырма жылдан кейін жағдай мүлде өзгеріп шыға келді. Сол жылдар Кеңес Одағының құлағанынан есеңгіреп қалды ма, әйтеуір, капитализм өзі үшін бұрын-соңды тарихта болып көрмеген қолайлы жағдай орнаса да, оңалмас күйзеліске ұшырады. Ал сексенінші жылдары қалыптасқан Қытайдың жүйесі социализм артықшылықтарын да лақтырып тастамай, капитализмнің де құндылықтарын бойына сіңіріп, өзіндік қытай моделін орнықтырды.
Түркияда бай мен кедейдің арасында айтарлықтай айырмашылық байқала бермейді. Бұл мемлекетте негізінен орта буын қалыптасқан. Рас, мұнда туризм де айтарлықтай дамып отырғаны шындық. Қарапайым халқының өзі шетінен еңбекқор. Құрығанда көшеде су сатып, жағажайда дөңгелек нанын саудалап жүргендері. Ауыл жұрты шетінен жеке үйде тұрады. Жағдайлары тәуір. Осыдан шығар, анау айтқандай әлеуметтік дүмпу жоқ. Әрбір түрік өз елін мақтан тұтады. Мінсіз мемлекетке айналмаса да және соңғы кездегі ел ішіндегі жемқорлыққа байланысты туындаған үкіметке, ел премьер-министрі Р.Ердоғанның жеке басына наразылықтарға қарамастан, мұсылман елдерінің ішіндегі өзгелер санасатын мемлекет деңгейіне көтеріліп үлгерген.
Біздің еліміз жүріп келе жатқан нарықтық экономика жолы әлеуметтік қорғау бағытына баса мән беріп отырғанына қарамастан, болашағы күмәнді капиталистік жүйенің де барлық кемшіліктерін бойына жинаған. Ал Еуропадағы байлар мен кедейлердің табыс айырмашылығы 5 есе деңгейінде ғана екен. Бұл ретте, мамандардың пайымдауынша, Қазақстандағы ықтимал әлеуметтік сілкіністердің алдын алу үшін шұғыл мерзімде орта тап қалыптастыру керек көрінеді.
Бұл тұрғыда тағы бір мәселе алаңдатады. Әсіре діншілдік, соқыр фанатизм де мінсіз мемлекет құру жолында кесе-көлденең тұрған үлкен кедергілердің бірі. Бұл – соңғы 20 жылда жастар бойына дарыған дерт. Ал орта, жоғары буын өкілдері негізінен атеизм тәрбиесінде болды. Шыңғыс хан заманында ол басқарған мемлекетте Ислам, Будда, Христиан, Тәңіршілдік – бәрі болғаны тарихтан белгілі. Десек те, Ислам дінінде ешкімге зорлық жоқ. Ендеше, адамды күштеп, орынсыз уағыз тарату да жарасатын тірлік емес. Негізі идея имандылық, адамгершілікте жатса керек. Демек, мінсіз мемлекет қалыптастыру барысында діннің алатын орны да орасан.
Шамасы, адамдардың мінсіз қоғам құруына тойымсыздық, билікқұмарлық секілді жаман әрекеттер кедергі болатын шығар. Халқы қанағатшыл, иманды, әділетті, елі үшін қызмет еткеннен ләззат алып, өздерін бақытты санайтын қоғам мінсіз мемлекет құруға бір табан болса да жақындай түсетіні күмәнсіз.
Саясат БЕЙІСБАЙ,
журналист.

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 23:48
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше