Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2021

Алматыда автобус адам қағып кетті

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы көшелерінің бірінде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда автобус адам қағып кетті

«12 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында Sazle 60 маркалы автобусты басқарған жүргізуші Қонаев көшесінің бойымен солтүстік бағытта жүріп, Мәметова көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні реттемелі қиылыста қағып кетті», деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.

«Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.