Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Арал ауданының Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым жерде ірі көлемде есірткі егілген аумақты анықтады.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 2479 қарасора бұталарын өсірген үш күдікті оқиға орнында ұсталған.
ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.