Кино • 14 Қыркүйек, 2021

Қазан кинофестивалінде үздік атанды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Режиссер Фархат Шәріповтің «18 килогерц» фильмі ХVII Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. «Үздік толықметрлі ойын фильмі» атанған кинокартина операторлық жұмысы үшін де марапатталды.

Қазан кинофестивалінде үздік атанды

Айта кетейік, «18 килогерц» фильмінің әлемдік тұсаукесе­рі Варшавадағы халықаралық кинофестивальда өтіп, бас жүл­деге ие болды. Кейін Кот­бус­та (Германия) өткен 30-шы ха­лықаралық кинофестивальда да үздік атанды.

«18 килогерц» – 90-жыл­дардың соңындағы жас­­өспі­рім­дердің өмірі баяндалатын көше тарихына құрылған. Фильмдегі басты рөлдерді де­бютант актерлер сомдады: Мұ­сахан Жұмахан, Әлібек Әді­кен, Камила Фун-Со. Кино­­кар­тина былтыр қазанда 36-шы Вар­шава халықаралық кино­фес­тивалінің бас жүлдесін қан­жы­ғалап, сенсация орнатты. Одан бөлек Пусан халықаралық кинофестивалінің «Азия киносына терезе» атты конкурстық бағдарламасында көрсетілді.

XVII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалі Татарстан Республикасының астанасында 5-10 қыркүйек күн­дері аралығында өтті. Биыл форумға 45 елдің кине­мато­гра­фистері өтінім берген.