Спорт • 14 Қыркүйек, 2021

Қазақстан шахматшыларының АҚШ құрамасына әлі жетпеді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрама командасы онлайн форматында өтіп жатқан шахматшылар Олимпиадасының ширек финалында сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан шахматшыларының АҚШ құрамасына әлі жетпеді

Топтық турнирде айды аспанға шығарып, бірінші орынды иелгенген жерлестеріміз бұл межеде АҚШ құрамасымен шеберлік байқасты. Алғашқы микроматчта біздің ойыншылар 4:2 есебімен жеңіске жетті. Осы орайда Ринат Жұмабаев, Жансая Әбдімәлік, Рамазан Жалмаханов және Бибісара Асубаева қарсыластарынан басым түскенін айта кету абзал. 

Екінші кездесуде Жалмаханов пен Асубаева басымдық танытса, Рустам Хуснутдинов тең түсті. Ал Жұмабаев, Әбдімәлік және Динара Сәдуақасова есе жіберді. Есеп – 2,5:3,5.

Шешуші бәсекеде Жансая мен Динара ұпай алса, қалған шахматшыларымыз жеңіліп қалды – 2:4. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жарыс жолынан шығып қалды.  

Жартылай финалда Үндістан мен АҚШ және Қытай мен Ресей құрамалары бақ сынасады.    

Естеріңізге сала кетейік, бұл жарыста Қазақ елі намысын Ринат Жұмабаев, Денис Махнев, Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Рамазан Жалмаханов және Бибісара Асаубаева сынды шеберлер қорғады. Ал қосалқы құрамда Рустам Хуснутдинов, Мұртас Қажығалеев, Гүлісхан Нақбаева, Гүлмира Дәулетова, Қазыбек Нөгербек және Меруерт Камалиденова ойнады.