Кезінде спорттың бұл түрі елімізде керемет қарқынмен дамығанын жанкүйерлер жақсы біледі. Ертеректе ерлер сайысында Алматының «Буревестнигі» КСРО-ның ең үздік командасы атанып қана қоймай, Еуропа чемпиондар кубогын екі мәрте олжалады. Тоқсаныншы жылдардың басында Алатау баурайында жасақталған «Азамат» клубы сары құрлықтағы ең мықты ұжымдардың бірі болды. Еліміздің ұлттық командасы Азия чемпионатында екі рет күміс медальді иеленді.
Ал бүгінгі жағдайымыз өте мүшкіл. Күн шығыс елінде өтіп жатқан жарыста жерлестеріміз үш ойында да ойсырай ұтылып, өз көрермендерін жерге қаратты. Алғашқы екі кездесуде Тайпей мен Оңтүстік Кореяға есе жіберсек, кеше Сауд Арабиясына жол бердік. Бір өкінішітсі, осы бәсекелердің барлығында 0:3 есебі тіркелді.
D тобында соңғы орында қалып қойған Қазақстанның волейболшылары енді сары құрлықтың өзге де осал командаларымен бірге 9-18 орындар үшін таласады.