Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2021

Алматы облысында мектеп директоры асылып қалды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Ұйғыр ауданында мектеп директоры асылып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында мектеп директоры асылып қалды

Қайғылы жағдайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі растады. 1975 жылғы ер адам өз үйінде асылып қалған.

«Азизжан Турсунович Дараев 2011 жылдан бастап осы уақытқа дейін Үлкен Ақсу ауылындағы Ғ.Садуақасов атындағы орта мектептің директоры болып жұмыс істеген. Үйленген, отбасы бар», делінген ведомствоның хабарламасында.

Марқұмның артында үш баласы, жұбайы қалды. Екі баласы студент, бір баласы мектепте оқиды.

«Бүгінгі күні Ұйғыр аудандық полиция бөлімінде орын алған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.