Әлем • 14 Қыркүйек, 2021

Нигерияда тырысқақ ауруы көбейді

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нигерияда коронавирус індетімен қатар тырысқақ дерті дендеп барады. Бүгінгі күнге дейін кеселден 2300 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нигерияда тырысқақ ауруы көбейді

Ауруды бақылау және алдын алу орталығы елдің 25 штатында ауырғандар саны 70 мыңға жуықтағанын айтады. Соңғы бір аптаның өзінде 46 адамның өмірін жалмаған. Су тасқынынан зардап шегіп, санитарлық жағдай көңіл көншітпейтін аудандарда ауруды екінші мәрте жұқтырып жатқандардың қатары артқан.

Айта кетейік, елде коронаиврустың дельта штамы кең етек жайған. Әзірге халықтың тек 1 пайызы ғана вакцинаның екі дозасын қабылдаған. 

«COVID-19 бен тырысқақ індетінің ушығуы елдің денсаулық сақтау саласына үлкен ауыртпашылық түсіруде. Медицина қызметкерлеріне де оңай болмай тұр. Індетпен күресу жұмыстарына қомақты қаражат қажет. Бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесін жөнге келтіргеніміз жөн», дейді дәрігер Акакнимо Эбонг.