Әлем • 14 Қыркүйек, 2021

Иран Президенті Тәжікстанға ресми сапармен барады

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран Президенті Эбрахим Раиси Тәжікстанға ресми сапармен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Орталық Азия республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Иран Президенті Тәжікстанға ресми сапармен барады

Бұл сапар Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ресми шақыруымен 16 қыркүйекте өтеді.

Ресми сапар аясында екі мемлекет басшылары екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен арнайы кездесу мен кеңейтілген келіссөздер өткізеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Тәжікстан мен Иран Президенттерінің екіжақты қатынастарды кеңейту туралы Бірлескен декларациясына және ынтымақтастық туралы жаңа құжаттар пакетіне қол қойылады деп күтілуде.