Елорда • 14 Қыркүйек, 2021

Елорда әкімдігінің алдындағы алаң саябаққа айналады

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі алдындағы алаң абаттандырыла бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің алдындағы алаң саябаққа айналады

«Әкімдік алдындағы алаң жөндеу жұмыстарынан өткізіледі. Бетон блоктары мен бос аумақтың орнына «қалалық орман» пайда болды. Күзгі отырғызу аясында барлығы 200-ге жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Көгалдандыру алаңы - 770,3 м2», деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, ландшафты аралдар құрылып, көпжылдық бұталар мен гүлдер отырғызу жоспарланған. Алаңның аумағын көгалдандырумен қатар, басқа бөлігінде субұрқақ кешені мен амфитеатр салу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда мұнара іспеттес фонтан орнату жоспарлануда.

«Бос жерлер мен қараусыз қалған учаскелерде жайлы саябақтар мен қоғамдық кеңістіктер пайда болуы мүмкін, онда қала тұрғындары субұрқақтардың жанында салқындауға немесе ағаштардың көлеңкесінде демалуға болады. Мұны біз қала бойынша пайда болатын тартылыс нүктелерінің, сол сахналардың, емен аллеяларының, серуендеу саябақтарының мысалынан көреміз. Ыңғайлы қалалық орта адамның мінез-құлқын қалыптастырады», деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев.