Әлем • 14 Қыркүйек, 2021

Үндістанның батысында сел жүріп жатыр

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында нөсер жаңбырдың салдарынан болған сел салдарынан үш адам қайтыс болды, тағы бесеуі із-түссіз жоғалғандардың тізімінде, деп жазады Egemen.kz.

Үндістанның батысында сел жүріп жатыр

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Раджкот пен Джамнагар қалалары аймағында жауған жаңбыр селге себеп болған.

Апат аймағынан мыңдаған адам эвакуацияланды.

Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Мектептерде сабақ тоқтатылды.

Үнді метеорологиялық департаменті Гуджарат штатында жауын 18 қыркүйекке дейін жалғасатынын хабарлайды.