Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының құқық қорғау аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының құқық қорғау аспектілері талқыланып, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру, құқық қорғаушылардың құқықтарын қорғауды күшейту, балаларға қарсы қылмыстың алдын алу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері қаралды.
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институты, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), «Акселератор добра. Izgilik elshisi» ұлттық еріктілер қозғалысы, «Алматы Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе ұйымдастырған шараға Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ҰҒА корреспондент-мүшесі, АХҚО академиялық кеңесінің мүшесі Бақытжан Әбдірайым, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Дархан Біләлов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат, Президент жанындағы ҰҚСК мүшесі, Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, «Алматы Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және «Акселератор добра: Izgilik elshisi» еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова қатысты. Сондай-ақ шараға онлайн-режімде Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, Әділет министрінің орынбасары Наталья Пан және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің «Акселератор добра: Izgilik elshisi» заң клиникасының өкілдері мен еріктілері, сондай-ақ заң саласындағы сарапшылар онлайн-режімде үн қосты.
Дархан Біләлов ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ел Президентінің білім және ғылым жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. «Бұл бағыттар мемлекетіміздің одан әрі дамуы мен сапалы білім беру, адам құқықтарын қорғау, ұлттық бірлікті нығайту үшін маңызды. Ол үшін әрбір қазақстандық Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыруға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұжымы өз жауапкершілігін сезіне отырып, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр», деді университет ректоры.
И.Рогов еліміздің Конституциясында Қазақстанның өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет ретінде танытатыны айқын көрсетілгенін, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін атап өтті. «Тәуелсіздіктің 30 жылында республикада көп жұмыс атқарылды. Менің ойымша, Қ.Тоқаевтың жүргізіп отырған саясаты біздің Тұңғыш Президентіміз белгілеген даму векторының жалғасы болып табылады», деді ол.
Б.Әбдірайым азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын АХҚО, екі құқықтық институттың қызметі туралы және қазіргі таңда адам құқығы қызметінің қандай аспектілері маңызды болып табылатыны туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Болашақ заңгерлер мен студенттерге бар мүмкіндіктерді пайдаланып, тек ұлттық заңнаманы ғана емес, басқа да елдердің заңнамаларын зерделеуге кеңес берді.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, барлық айтылған бастамалар мен стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік аппарат пен қоғам тарапынан ортақ күш-жігер қажет. Бұл ретте барлық деңгейлерде, оның ішінде жастардың – волонтерлер мен студенттердің белсенді қатысуымен қоғамдық диалог дамитын болады.
Өз кезегінде Айнұр Сәбитова азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға ықпал ететін, оның басым бөлігін – жастарды волонтерлікке тартатын «Акселератор добра: Izgilik elshisi» жобасының қызметі туралы айтып, волонтерлердің халыққа көмек көрсетудегі рөлін атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар пікірсайыс форматында Мемлекет басшысының Жолдауын егжей-тегжейлі талқылап, онда Қазақстанның одан әрі дамуының, экономикалық өркендеуі мен ел халқының өмірін жақсартудың ең өзекті мәселелері көтерілгенін сөз етті.
АЛМАТЫ
БҚО-да жол апатынан екі сәби зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 13:10
Жас теннисшілер ITF турнирінде жүлделі болды
Теннис • Бүгін, 12:53
Ауыл жастары құрған компания 2,4 млн доллар инвестиция тартты
Қоғам • Бүгін, 12:45
«ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Қазақстан • Бүгін, 12:38
Мұнай бағасы 1 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 12:30
Алматыда қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Үкімет • Бүгін, 12:12
«Канело»: Головкинді нокаутпен жеңемін
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 12:08
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:52
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 11:46
Ерболат Досаев алматылықтарға үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Суға шомылу ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 11:25
Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
Ұқсас жаңалықтар