Президент • 15 Қыркүйек, 2021

Ерекше серпіліс тудырды

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын тікелей эфирден мұқият тыңдадым.

Ерекше серпіліс тудырды

Президент Жолдауы жас­тардың бойындағы азаматтық белсенділікті арттырып, олардың бойындағы патриоттық сезімді оятты. Жастарды дәл бүгінгі өмірге бейімдеп, келешекте өз Отанының шынайы пат­рио­­ты болуға және Тәуелсіз Қазақ­стан­­­ның дамуына өзіндік үлесін қосуға шақырды.

Биылғы Жолдау: «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз», деген сөздермен басталды. Президент Жолдауының ең басты мақсаты – кең байтақ Тәуелсіз Қазақстан еліндегі бейбіт өмірді, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз ету.

Ел Президенті Жолдауда Ауған­стандағы орын алған жағдайға асқан алаңдаушылық білдіре­тіндігін жеткізді. Осы ретте, Қазақстан Республи­касы­ның Президенті – Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштері­нің Жоғарғы Бас қолбасшы­сы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Келесі мәселе Ауған­стан­­дағы ахуал және жаһандық шие­­леністің күшеюі бізге қор­ғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды то­лы­ғымен қайта қарауға міндеттейді.

Қорғаныс қабілетімізді ны­ғай­тып, қауіп-қатерлерге жедел үн қату мемлекеттік маңызы бар басымдыққа айналуға тиіс. Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек», деп қадап айтты. Сонымен қатар Жолдауда ел Президенті сапалы білім беру саласында Отан алдындағы аза­маттық борыштарын өтеп жүр­ген мерзімдік қызметтегі әс­кери қызметшілердің білім алып, қандай да бір мамандық иесі атанып қайтуын да қам­тыды. Осы орайда, Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуге тиіс. Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы ма­ман­дығын игеру мәселесін пысық­таған жөн», деді.

Жолдауда ел Президенті хал­­қы­мыздың әл-ауқатын арт­тыруға арналған бастамаларды алға тартты. Онда еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, қызметкерлерінің еңбекақысын көбейткен жұмыс берушілер­ге реттелмелі сатып алу жүйесі аясында жеңілдіктер жасалатыны және тұрғын үй мәселелері қамтылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын толық қолдай отырып, аталған құжаттың Тәуелсіз Қазақстан хал­қы үшін алға қойған міндет­тер­ді жүзеге асыруға жұмыл­дыру­шы бастама болатынына сенеміз.

 

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы