Коронавирус • 15 Қыркүйек, 2021

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 77 адам қайтыс болды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 қыркүйекте Қазақстанда КВИ инфекциясы мен пневмониядан 77 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 77 адам қайтыс болды

Оның 64-і коронавирустан, 13-і пневмониядан қайтқан.

15 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 75 685 адам коронавирус инфекциясынан (–67 269 + және 8 416 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 335 пациент стационарда, 61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 136 адамның жағдайы ауыр,
  • 350 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 198 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.