Технология • 15 Қыркүйек, 2021

Apple компаниясы жаңа iPhone 13 смартфондарын таныстырды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 қыркүйек күні Apple компаниясы жаңа өнімдерінің тұсаукесер рәсімін өткізді. Онда iPhone 13 смартфондары, i Watch Series 7 сағаттары, жаңа iPad және басқа гаджеттер таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Apple компаниясы жаңа iPhone 13 смартфондарын таныстырды

Жаңа iPhone 13 пен iPhone 13 mini A15 Bionic процессорымен жұмыс істейді және батарея сыйымдылығы артқан. Смартфондардың диагоналы 6,1 және 5,4 дюйм болады.

Өте берік және сенімді, су және шаң өткізбейді", деді компания өкілі Кайен Дрэнс жаңа өнім туралы.

Оның айтуынша, жаңа өнім бес түсте шығарылады, ал құрылғының дисплейі 28 пайызға жарық болады.

IPhone 13-тің бағасы 799 доллардан басталады, ал iPhone 13 mini 699 доллардан басталады. Бұл 128 гигабайт жадысы бар iPhone бағасы.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024