Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2021

Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек көрсетпек

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарды қауіпсіздікпен қамтамасыз етуде әскери техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек көрсетпек

«Аталған келісімге 2021 жылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтанда қол қойылды. Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасы Тәжікстанға әскери мүлікті өтеусіз беру түріндегі әскери көмек көрсететін болады. Комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдап, тиісті қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын», деді Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан.

Бұл ұсынысты дауыс беру қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары қолдады.

Айта кетейік, Парламент заң жобасын бекітсе, Қазақстан Тәжікстанға әскери көмек ретінде 3 миллионнан астам оқ-дәрі береді.