30 Қаңтар, 2014

Елдің жағдайын жақсарта түседі

334 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президенттің биылғы Жол­дауы­ның халыққа ерекше әсері болды. Өткен жылымыз жақсы қорытындыланды. Біраз жетістіктерге жетіппіз. Елбасы кезек­ті Жолдауында «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын орындау жоспарына және алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қо­сылу жолдарына ерекше көңіл бөлді. Ал­дымыздағы 15-17 жыл Қазақстанның жан-жақты дамып өрлеуі үшін «мүмкіншілік терезесі» болады.

Стратегия бұл нақты жұмыстардың бағ­дарламасы, ол жылдан-жылға еліміз бен қазақстандықтардың өмірін жақсарта түседі. Бірақ әрбір қазақстандық нәтижелі еңбектенуі керек, сонда ғана береке әр отбасына келеді. Елдің экономикасы ғылымға негізделетін болады. Ғылыми зерт­теулерге көп мөлшерде қаржы бөлі­неді. Келесі бес жылдықта нано және кос­мостық технологиялар, гендік инженерия, мультимедиалық және мобильді технологиялар, роботтық техника салалары дамытылады, болашақтың энергиясын іздеп табу жұмыстары жүргізіледі.

Білім беру саласына келсек, еліміздің жоғары оқу орындарына біртіндеп дербестік беріле бастайды. Бұл әр жоғары оқу орнына оқыту бағдарламасын шетелдердің алдыңғы қатарлы университеттерінің үлгі­сімен дайындауға, академиялық ұтқыр­лықты одан әрі дамытуға үлкен мүмкіншілік береді.

Тағы бір қуантатын жағдай – студент жастар мен білім беру саласының қызметкерлерінің де әлеуметтік жағдайы жақсармақ. Студенттердің стипендиясы 25 пайызға өседі, ал білім беру саласының қызметкерлерінің жалақысы 29 пайызға артады.

Оңтүстік Қазақстан облысының орта­лығы – Шымкент қаласының да болашағы зор. Шырайлы қаламыз Астана, Алматы сияқ­ты ғылым мен инвестицияның, жоғары сапалы білім берудің, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің нағыз орта­лығына айналады.

Жамбыл ӘЙМЕНОВ,

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің

бірінші проректоры.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар