30 Қаңтар, 2014

Бірлік жоқта тұтастық болмайды

288 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

01-ассамблеяҚазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің, депутаттардың, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Елбасы Жолдауында айтылған міндеттер жайы талқыланған брифинг өтті.

 

01-ассамблеяҚазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің, депутаттардың, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Елбасы Жолдауында айтылған міндеттер жайы талқыланған брифинг өтті.

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ жерінде ме­кен­деген көптеген ұлттың өкі­ліне ұйытқы болып отыр», дей келе, еліміздің Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі барысында Ассамблея моделіне шынайы қызығушылық танытылғанын жеткізді. «Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында Қазақ­стан халқы Ассамблеясы алдына «Мәңгілік Ел» патриоттық ак­тісін әзірлеу және қабылдау жө­нінде нақты тапсырма қой­ған болатын. Бұл орайда, Прези­дент барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді жә­не барша қазақстандықтарды «Қа­зақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарына жету жо­лындағы жұмыстарға белсене араласуға шақырды», деді.

Брифингте сөз алған Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің этносаралық және дінаралық толеранттылық жө­ніндегі ЮНЕСКО кафед­ра­сының профессоры Әділ Ахме­тов: «Біз Қазақстан халқы Ас­сам­блея­сының елдің бірлігін, та­тулығын үйлестіріп отырған үлкен, әлемде теңдесі жоқ ұйым екенін айтып отыруымыз керек. Жақында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЮНЕСКО кафедрасы ашылды. Бұл кафедраның аты да, заты да Қазақстан халқы Ассамблеясының мүддесімен сай келеді. Мен 5-6 жыл Парламент Сенатында депутат болған кезімде Ассамблея жұмысына жиі қатысып жүрдім. ЕҚЫҰ Төрағасының жеке уәкілі болып, осы ұйымға кіретін 57 мем­лекеттің тең жартысын аралап шықтым. Сол кезде көңілге ұя­лаған, мақтанышпен айтатын бір мәселе – біздің еліміздегі тұ­рақ­тылықтың, қоғамдық келісімнің ірге­тасы, ұлттық саясаттың ірге­тасы – Қазақстан халқы Ассам­блеясы», деген пайымын жеткізді.

Ол құрылғанына 20 жылдай уақыт болған Ассамблея ту­ралы қоғамда әртүрлі пікірлер­дің туындағанын, «оның не ке­регі бар» деушілердің де кездес­ке­нін айтып өтті. «Бұл үлкен түсі­ніс­пеушіліктен туған дүние деп айтар едім. Алайда, қашанда біткен іске сыншы көп. Ел тұрақтылығы өз-өзінен бола қойған жоқ. Соны түсіну керек. Бір айта кетерлігі, Ас­сам­блеяның өткен жылғы сессия­­сында жария етілген «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» ұста­ны­­мы­ның биылғы Жолдаудан да көрі­ніс тапқанына куә болып отырмыз.

Біздің халқымыздың керемет құндылығы бар: «Алтау ала бол­са, ауыздағы кетеді. Төртеу тү­гел болса, төбедегі келеді». Бұл мәтел­дің аясы өте кең. Осы сөзді жеке отбасына да, тіптен, қазіргі еге­мендігін алған алты түркі тіл­дес мемлекеттерге де қатысты айтса болады. Мұны 130-дан астам ұлттан тұратын елімізге қатысты айтсақ та артық емес. Демек, алауыздық болатын болса, ол елдің бірлігі кетеді, бірлігі кеткен мемлекеттің тұтастығы, бейбітшілігі кетеді, ол мемлекеттің дамуы да өз-өзінен тоқтайды. Мынадай алмағайып заманда бақ болып, басымызға қонған құн­дылығымызды уысымыздан шы­ғарып алсақ, ол ешқашан қайтып оралмайды. Сондықтан да ұлттық идея керек. Ұлттық идея – ол «Қа­зақстан-2050» Стратегиясы. Ұлт­тық идея – Мәңгілік Ел болу. Пре­зидент, міне, осыны бүкіл ха­лыққа паш етті. Бұл адамның көкейіне қонатын дүние», – деді Ә.Ахметов.

Қазақстан Президенті жанын­дағы Мемлекеттік басқару ака­де­миясы Этносаралық және кон­фес­сияаралық қатынастар орталы­ғының жетекшісі Айгүл Сәдуа­қа­сова «Қазақстан-2050» Страте­гиясы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне негіз болатынына тоқтала келе, бұл идея сандаған ғасырлар бойы жинақталып, бүгінгі заманға дейін жалғасып келе жатқан негізгі қағидаттардың болуымен маңызды екенін атап өтті. Ал Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, «Қазақстанның орыс, славян және казактар ұйымы ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жайлы өз пікірін білдірді. Ол: «Мен Президенттің барлық жолдауларын, 10 ұсынысы мен «Мәңгілік Ел» идеясының 7 тұжырымдамасын формула ретінде, қолданбалы және дүниетанымдық құжат ретінде топтастырар едім», дей келе, «Мәңгілік Ел» қазақ жерін мекендеген барлық этностар мәдениетін өзара тең деңгейде дамытудан туған ізгі идея деген ойын жет­кізді. «Демек, бұл – біздің барлы­ғымызды жұмылдыруға тиісті ұлттық идея, ұлттық идеология болуы тиіс», деді ол бұл ретте.

Брифингте Қазақстандағы бол­гар этномәдени бірлестігінің төра­ғасы Олег Дымов та сөз алып, Елбасының Жолдауында ай­­тылған мәселелер мемлекетті алға жылжытуда алғышарт бола алатынын жеткізді.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар