Әлем • 15 Қыркүйек, 2021

Грузияда жоғалып кеткен алматылық іздестіріліп жатыр

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ксения Пилпани 14 жастағы баласын іздеу әлі де жалғасып жатқанын, бірақ әзірге нәтиже жоқ екенін, оның жоғалып кеткені бойынша қылмыстық істің жабылмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грузияда жоғалып кеткен алматылық іздестіріліп жатыр

Өткен жазда Грузияда жоғалып кеткен алматылық жасөспірім Илья Пилпанидің анасы құқық қорғау органдары оның қайда екенін әлі анықтай алмағанын айтты. Құтқарушылар көктемге дейін Сванети аймағындағы аудандарда белсенді іздестіру жұмыстарын жүргізді.

«Ұлымды мұқият іздеді. Грузияның құтқарушыларына, ІІМ-не ешқандай шағымым жоқ», деді жоғалған жасөспірімнің анасы Ксения Пилпани.

Бұған дейін Илья Пилпанидің анасы, баласы ұрланған болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Осыдан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Ксенияның айтуынша, Грузияның Қылмыстық кодексінің 143-бабы бойынша қылмыстық іс «кәмелетке толмағандарды заңсыз бас бостандығынан айыру» (сондай-ақ кәмелетке толмағандардың саудасы) тергеу жалғасып жатыр, іс әлі жабылған жоқ. Интерполға іздеу жарияланды, бірақ басқа елдерден ақпарат түскен жоқ.

Жасөспірімнің ата-анасы Грузияның құқық қорғау органдарымен байланыста.

Еске салайық, 13 жастағы Илья Пилпани Грузияда 18 шілдеде таңертең үйден велосипедпен шығып, жоғалып кеткен.

Илья Пилпани - Қазақстан азаматы. Ол Алматыдан Местийск ауданында (Сванети аймағы) тұратын әкесінің туыстарына қыста қонаққа барған. Алайда пандемияға байланысты үйіне қайта алмаған.