Әлем • 15 Қыркүйек, 2021

ДДСҰ саяхат үшін вакцина паспортын енгізуге рұқсат береді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вакцина жетпей жатқанда егу паспортын саяхаттаудың шарты ретінде талап ету кемсітушілік болады, бірақ уақыт өте келе енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс Женевада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДДСҰ саяхат үшін вакцина паспортын енгізуге рұқсат береді

«Біз вакциналардың тең бөлінбеуіне байланысты егу паспорттарын саяхат шарты ретінде пайдаланғымыз келмейді. Бұл адамдарды алалау құралы болар еді және көмектеспес еді», деді ол.

Оның айтуынша, болашақта вакциналар бүкіл әлемге қолжетімді болған кезде егу паспорты енгізілуі мүмкін. ДДСҰ қазірдің өзінде мемлекеттермен осындай құжаттың бірыңғай нұсқасын шығару үшін жұмыс істеп жатыр.