Yonhap ақпараттық агенттігінің жазуына қарағанда Оңтүстік Корея сүңгуір қайықтан өз өндірісінің баллистикалық зымыранын ұшырған әлемдегі жетінші ел.
Оңтүстік Кореяның мемлекет басшысы Мун Чжэ Ин сынақ орталығында ұшу барысын бақылады. Президент Әкімшілігі сүңгуір қайықтардан ұшырылатын баллистикалық зымыранның болуы көптеген қатерлердің алдын алу тұрғысынан маңызды екенін айтты.
Оңтүстік Корея штаб бастықтары (JCS) 15 қыркүйек күні таңертең Солтүстік Корея Корей түбегінің шығыс жағалауына қысқа қашықтыққа екі баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады.
Айта кету керек, зымыран сынағы АҚШ пен Оңтүстік Корея дипломаттарының бір күн бұрын Токиода өткен «Солтүстік Корея мәселесі» бойынша кездесуінен кейін болды.