Президент • 15 Қыркүйек, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына барды

Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.