Президент • 16 Қыркүйек, 2021

Өзекті мәселелер басты назарға алынған

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын түркістандықтар зор ықыласпен қабылдады деп айтуға болады. Өйткені Жолдауда елдің сөзі айтылды, халықтың қамын жеген ойлар қозғалды.

Өзекті мәселелер  басты назарға алынған

Биылғы Жолдауда Прези­дентіміз әлеуметтік маңызы бар мәселелерге ерекше екпін бергенін атап көрсеткім келеді. Әсіресе, Жолдаудың қарапайым халыққа жағымды тұстары – азық-түлік бағасын өсірмеу, ауылшаруашылық секторындағы (жайылым, агроөнеркәсіп) кем­ші­ліктерді жою жөніндегі бастамалары болды.
Сонымен қатар Жолдауда денсаулық, білім, ғылым, спорт және цифрландыру салаларын әрі қарай дамыту керектігі ай­тылды. Мұның барлығы өскелең ұрпағымыздың қо­ғам­да саналы азамат болып қалып­тасуына әсер етеді.
Мемлекет басшысының Жол­дауын қолдай келе, қазіргі пандемия заманында елімізге аман­дық, бере­ке-бірлік, тыныштық тілеймін.

Әбдіхан ӘБДІҚАДЫРОВ,
Түркістан қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы