Әлем • 16 Қыркүйек, 2021

АҚШ Сириядан әскерін әкететін уақыт айтылды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Джо Байден билігінің соңына дейін америкалық әскер Сириядан кетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

АҚШ Сириядан әскерін әкететін уақыт айтылды

Бұл туралы Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің сарапшысы Алексей Наумов айтты.

Маман АҚШ Сириядағы мүдделерін әскери емес, дипломатиялық құралдармен қорғауға кірісетініне сенім білдірді. «Ислам мемлекеті» террористеріне қарсы тұру дрондардың соққысымен және жекелеген содырларды басып алумен шектеледі. Наумовтың айтуынша, АҚШ қазірдің өзінде Башар Асад режимін оқшаулағысы келмейді.

Оның пікірінше, қазіргі контингент АҚШ-қа Сириядағы бірнеше мәселелерді бірден шешуге мүмкіндік береді. Ол Сирия-Ирак шекарасындағы жағдайды бақылауда ұстайды, күрдтерді қолдауға көмектеседі.

10 тамызда АҚШ Қорғаныс министрінің Таяу Шығыс істері жөніндегі орынбасары Дана Строул АҚШ әскерлері Сирияның солтүстік-шығысында қалуы керек деді.