Әлем • 16 Қыркүйек, 2021

Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Душанбе қаласында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында шараның басталу рәсімінен видео жариялады.

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеге барды. Президент 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Президент Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында өзекті жаһандық мәселелерді талқылау аса маңызды екенін айтты.