Экономика • 16 Қыркүйек, 2021

Тамақ өндірісіндегі табысты жоба

431 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қарағандыда Қазақстан мен Орталық Азиядағы тамақ өнеркәсібіне арналған май өнімін жетекші өндірушілердің бірі болып табылатын «Eurasian Foods» АҚ кәсіпорнында жабдықты жаңартудың кезекті кезеңі аяқталады. Тек соңғы бес жылдың ішінде Eurasian Foods Corporation холдингінің құрамына кіретін кәсіпорын өз өндірісін жаңартуға 4,7 млрд теңгеден астам инвестиция салған, деп жазады Egemen.kz.

Тамақ өндірісіндегі табысты жоба

Кезекті кезең аяқталғаннан кейін «Eurasian Foods» АҚ өндірістік қуатын жылына 70 мың тоннадан астам дайын өнімге дейін арттырып ассортиментін кеңейте алады. Алпауыт ұжым өнім сапасын арттыру арқылы және өңірдегі және елдегі ең мықты тамақ индустриясы кәсіпорындарының бірі ретінде өз позициясын күшейтуді көздеп отыр. 

Жаңғырту нәтижесінде бүгінгі таңда саладағы ең заманауи және жоғары өнімді кәсіпорындардың бірі болып табылатын кәсіпорында шығарылатын өнімнің әлемдік сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жетекші өндірушілердің қосымша жаңа жабдықтары орнатылды. Маргарин дайындау бойынша неміс өндірісінің технологиялық желісі пайдалануға берілді. Осы желіні іске қосудың арқасында өндірілетін өнімдердің функционалдық сипаттамалары жақсарды, сондай-ақ өнімділігі сағатына 11,7 тоннаға дейін артты. Қатпарлы қамырға арналған маргариндерді өлшеп орау бойынша жаңа желі іске қосылды, бұл өндірісті 2 есеге – сағатына 4,8 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек.  Жаңа өлшеп-орау автоматы (Германия) пайдалануға берілді, бұл өлшеп-оралған өнім өндірісін сағатына 6,5 тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 

Өнімдерді өлшеп-орау, оларды тиеуге буып-түю – персоналдың қатысуынсыз автоматты желілерде жүргізіледі. Еуропалық өндірістің технологиялық жабдықтарының толықтай автоматтандырылған СИП-жуғыштары микробиологиялық тазалықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Жылдың соңына дейін жаңа технологиялық қойманы, сондай-ақ барлық өндірістік үй-жайларда тәулік бойы микроклиматты сақтап тұратын ауа баптау жүйесін пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгін «Eurasian Foods» АҚ желісінде ең заманауи әлемдік сапа стандарттарына жауап беретін өнімдердің кең ассортименті ұсынылған. «Eurasian Foods» АҚ өндіретін өнімді отандық кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін өндірушілердің 70%-дан астамы пайдаланады. 

Компания өз өнімін әлемнің 11 еліне – Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан, Монғолияға экспорттайды. Осы жылдың қаңтар-маусымында «3 желания», «Шедевр» және «Золотой стандарт» брендтерінің өнімдерінің экспорты 25%-ға артты.

Кәсіпорынның тарихы 1971 жылы, Қарағандыда өндірістік қуаты 20 мың тонна болатын зауыт пайдалануға берілген кезден бастау алады. 1997 жылдан бастап зауытты қайта құру және өндірісті жаңғырту процесі үздіксіз жүргізілуде. 

Кәсіпорында өндірістің барлық кезеңдерінде сапаға тұрақты бақылау жүргізіледі. Осы мақсатта келіп түсетін шикізат пен дайын өнімнің физикалық-химиялық және микробиологиялық параметрлерін тексеруді жүзеге асыратын меншікті аттестатталған зертханалар құрылып, табысты жұмыс істеуде. Зертханалар жаңа жабдықтармен, атап айтқанда, келіп түсетін шикізат пен шығарылатын өнімнің май-қышқыл құрамын егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік беретін заманауи газ хроматографтарымен жабдықталған. 

2010 жылы кәсіпорында инновациялық технологиялық зертхана құрылды, оның қызметі өнімнің тұтынушылық қасиеттерін жақсарту және жаңа түрлерін әзірлеу бойынша жұмыстармен байланысты. Кәсіпорын ассортимент желісін үнемі кеңейтіп, жаңа өнімдер шығарып тұрады. Сондай-ақ, «Eurasian Foods» АҚ-ның барлық өнімі Кеден Одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігі туралы декларацияға ие және «Халал» талаптарына жауап береді.

Кәсіпорын В2В секторындағы серіктестермен тығыз жұмыс істейді. «Eurasian Foods» АҚ технологтары нан–тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндірушілерге кеңес береді, нақты өндірістік процесс үшін қандай өнім қолайлы екендігі туралы ұсыныстар береді, клиенттердің жеке талаптары бойынша рецептуралар әзірлейді, көшпелі мастер-класстар өткізеді. 

«Eurasian Foods» АҚ Қарағанды облысының ең ірі салық төлеушілердің үштігіне кіреді – өткен жылы кәсіпорын мемлекет бюджетіне салық түрінде 2,89 млрд теңге аударды. Зауытты жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау бізге өндіріс көлемін, яғни салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы жылы біздің зауытқа 50 жыл толады және  мерейтойымызды ең заманауи жабдықтармен жабдықталған, өз саласында өндіріс стандарттарын белгілейтін және маңыздысы өз қызметкерлеріне қатысты әлеуметтік жауапты болып табылатын елдің тамақ өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі деген мәртебеде қарсы алатынымыз қуантады, өйткені адамдар – кез келген компанияның басты активі», деп айтып өтті «Eurasian Foods» АҚ Басқарма Төрағасы Олег Винокуров.  

Бүгінде «Eurasian Foods» АҚ штатында 650 адам жұмыс істейді. Пандемиямен байланысты дағдарыс кезеңінде кәсіпорын жұмысын жалғастырды, қиындықтарға қарамастан, ұжымды толығымен сақтап қала алды – бірде-бір қызметкер қысқартуға ұшыраған жоқ. Компания әкімшілігі кәсіби өсуді қамтамасыз ету үшін көп күш жұмсайды: «Eurasian Foods» АҚ қызметкерлері үнемі міндетті өндірістік оқудан өтеді, кәсіби тақырып бойынша семинарларға қатысады, шетелдік кәсіпорындарда тағылымдамадан өтеді, жаңа өнімдерді енгізу кезінде еуропалық әріптестерімен кеңеседі. 

Өңірдегі ірі жұмыс берушілердің бірі тек өз қызметкерлері мен олардың отбасыларына ғана емес, Қарағанды облысының тұрғындарына да қатысты әлеуметтік жауапкершілік саясатын жүзеге асырады. Көптеген жылдар бойы «Eurasian Foods» АҚ мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге көмектесуге тырысады және «Балалар – өмір үшін» қоғамдық бірлестігі мен «Үміт» Ерікті мүгедектер қоғамына демеушілік көмек көрсетеді. Компания сонымен қатар М. Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханаға, Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториіне қолдау көрсетеді. 

«Зауыттың 50 жылдық мерейтойына орай біз «Eurasian Foods» АҚ аумағында 50 қылқан жапырақты ағаш отырғызуды жоспарладық. Айта кету керек, бұл бір реттік акция емес – кәсіпорын аумағын және жақын маңдағы учаскелерді көгалдандыруды біз үнемі жүргізіп отырамыз, бұл қала экологиясына қамқорлық жасауға қосқан үлесіміз», деп түсіндірді Олег Винокуров.