Қоғам • 16 Қыркүйек, 2021

Қазақстан мен Египет ақпарат саласында ынтымақтастықты дамытуға ниетті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Мысыр ұлттық медиа кеңесінің директоры Хусейн Камаль Абделькадер Зейн бастаған Мысыр Араб Республикасының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Египет ақпарат саласында ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Әңгімелесу барысында министр кездесу қатысушыларын Министрліктің қызметімен қысқаша таныстырды, атап айтқанда, ақпарат және БАҚ, БАҚ өкілдерінің құқықтары мен қорғалуын қамтамасыз ету, пандемия жағдайында БАҚ-ты қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Министрліктің жетекшілігіндегі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, оның ішінде министр телерадио хабарларын тарату саласындағы контентпен алмасуға қызығушылық танытты.

Өз кезегінде Мысыр тарапы екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарын дамытуға, атап айтқанда, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі жөніндегі телевизиялық жобаларды құруға бағытталған жан-жақты ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендігін білдірді.

Тараптар тығыз және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайту туралы ниеттерін білдірді.