Оқиға • 16 Қыркүйек, 2021

Мұғалімдерден ақша жинаған директор жазаланды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде мектеп директорының ақша жинағанын, қаржыны шыбын-шіркейден қорғайтын тор сатып алуға сұралғанын айтып, арыз түсіргендердің ісі қаралды. Директордың міндетін атқарушы жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұғалімдерден ақша жинаған директор жазаланды

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жаңа оқу жылы басталғалы алдын-алу жұмысын күшейткен. Қазіргі кезде облыстағы білім беру мекемелерінде түрлі кездесу өткізілуде. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері заңнамаларды түсіндіріп, жемқорлықтың алдын-алуға бақытталған жұмыс жайын баяндады.

«Биыл білім беру саласына қатысты 75 қылмыстық іс тіркелді. Көбі парақорлық пен мемлекет мүлкін талан-таражға салуға қатысты болды. 1424 Call орталығына мұғалімдерден және ана-анадан заңсыз ақша жинауға қатысты хабарламалар да түсіп жатыр. Көбі мектеп қажеттілігі үшін ақша жинайтынын айтады. Таяуда бір аудандағы мектеп директорының міндетін атқарушы мұғалімдерден 600 мың теңге ақша жинап алғаны туралы хабарлама түсті. Тексеруден соң ақшаның білім беру ұйымына, нақтыласақ, шыбын-шіркейден қорғайтын торға бағытталғаны анықталды. Директордың міндетін атқарушы тәртіптік жазаға тартылды», деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35