Спорт • 16 Қыркүйек, 2021

Нысана көздеу: Ел қоржынына тағы бір алтын түсті

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында қазақстандық мергендер тағы да жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нысана көздеу: Ел қоржынына тағы бір алтын түсті

Жасөспірімдер арасында 10 метрге нысана көздеуден үш жүлделі орынды отандық спортшылар еншіледі. Никита Шахторин алтын, Руслан Загитов күміс, Матвей Тимофеев қола жүлдегер атанды. 

Сондай-ақ ересектер арасындағы сында Ислам Усейнов Азия чемпионы атанды. Ол 632,7 ұпаймен ел рекордын жаңартты.