Экономика • 16 Қыркүйек, 2021

QR-кодтар үлескерлердің құқығын қорғайды

198 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бірыңғай тұрғын үй операторы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ құрылысты аяқтауға кепілдік алған объектілерге QR-кодтарды бере бастайды. Бұл шара салынып жатқан объектілерде тұрғын үйді сатып алуды жоспарлап отырған сатып алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

QR-кодтар үлескерлердің құқығын қорғайды

Яғни компания кепілдік беру туралы шартын жасасқан Қазақ­станның құрылыс салушылары бірегей QR-коды бар серти­фикаттарды алатын болады, оны сканерлеп, сатып алушылар сертификаттың түпнұсқалығын Бірыңғай операторының www.khc.kz сайтында тексере алады. Құрылыс салушыларға тұты­нушылармен өз байланыс арналарында QR-кодтарды пайдалану құқығы беріледі.

«Тұтынушылардың құқық­тарын қорғау және жосықсыз құ­рылыс салушылардың тарапынан алаяқ­тық әрекеттердің алдын алу мақ­сатында ҚТК-ның әрбір кепіл­дігі бірегей QR-кодқа ие бо­лады. Бұл адамдарға берілген сертификаттың түпнұсқалығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Жалпы, біздің тарапымыздан қазір тұрғындар мен құрылыс салушыларды тұрғын үй құрылысына кепілдік беру механизмі және бұл құралдың құрылыс тоқтап қалған жағдайда екі жаққа да қалай көмектесе алатындығы туралы ақпараттандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Әсіресе, өңірлерге ерекше көңіл бөлудеміз», деді «ҚТК» АҚ бас­қарма төрағасы Рустам Исаев.

Үлескерлердің қаражатын тарту үшін Тұрғын үй құрылысы­на үлестік қатысу туралы заңы­на сәй­кес құрылыс салушылар үш тәсілдің бірін пайдалануы тиіс екенін естеріңізге саламыз: Бірыңғай оператордың (ҚТК) кепілдігін алу; Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы; Көп пәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын салғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту. Көп пәтерлі тұр­ғын үйлерді салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын өзге тәсілдермен тартуға ты­йым салынады. Сондай-ақ, тұ­ты­нушыларға Бірыңғай опера­тор­дың кепілдіктері нақты құры­лыс объектісіне берілетінін білу қажет. Яғни бір құрылыс салу­шының әртүрлі объектілерге бір­неше кепілдігінің болуы мүмкін. Сонымен қатар бір­не­ше кезектен немесе блоктар­дан тұ­ратын объектілерге де жеке кепіл­дік­тер­дің берілуі мүмкін. Бүгінгі таң­да Бірыңғай оператормен Қазақстан бойынша 115 кепіл-­
­дік берілді. 47 кепілдік бойынша объек­­тілер пайдалануға сәтті ен­гізілді.

«Жақын арада құрылыс салушылардан жылжымайтын мүлікті сатуда делдал болып табылатын krisha.kz, homsters.kz, kn.kz, korter.kz сияқты ірі алаң­дарда ҚТК кепілдігінің ба­ры туралы белгілер орнаты­латын болады. Сонымен қатар Tengrinews.kz сайтында қалалар мен құрылыс салушылар бойынша іздеу мүмкіндігімен біз­бен кепілдендірілген барлық объек­тілердің тізімі бар арнайы бөлім ашылды», деді Р.Исаев.

QR-кодты телефон камерасы (iOS операциялық жүйесін­де жұмыс істейтін смартфондар үшін) немесе QR-кодты оқу­ға арналған арнайы қосымша (Andriod операциялық жүйесін­де жұмыс істейтін смартфон­дар үшін) арқылы сканерлеуге болады.